Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Жусупбеков Жандос

Анаға

Күн нұры ма ең төсеген жерге төсін,

Самал ма едің,

Самайды желдетесің!

Алыс жүріп өзіңді аңсағанда,

Сағыныш боп жүрекке сен жетесің.

Күлімдейсің,

Көктемдей жадырайсың,

Деп бауырға басасың: «Кел, көкешім!»

...О, қастерлім, аяулым, құдіреттім,

«Ақ бесікті ырғасаң бір қолыңмен,

Бір қолыңмен әлемді тербетесің!!!»

 

Қанат болдың,

Кең құшақ жая білдің,

Дымы шықпай бәсеңсу,

Саябырдың.

Көңлі бұрын даланы кезіп жүрсе,

Кешіре көр қылығын баяғы ұлдың.

Өмір бағын бақытын, шат- жұмағын,

Сезінуге тілегің, саяды үлгің.

Шындығында,

Қастерлім, қасиеттім,

«Жұмақ сенің астында аяғыңның!!!»

Категория: Жусупбеков Жандос | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 605 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: