Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

Үзіліп түскен жапырақтай болып бейне бір,

Үзіліп түскен жапырақтай болып бейне бір,

Жабырқау күндер жылысып жатыр бей көңіл.

Сен жайлы, қалқам, ойлауды мүлдем доғарғам,

Сағынатыным болмаса ғана кейде бір.

 

Жалғанда бізге бір жүру деген жазбаған,

Арада бірақ мөлдірлік қалды аздаған.

Сүйем деп сені сездің бе сол бір сәттерде,

Алаулап тұрып от болып кете жаздағам.

 

Жанарым менің жұмылып қалған толып мұң,

Өзіме-өзім түсініксіздеу болып тым.

Өзіңді сонша көргім кеп тұрса да, аяулым,

Тағы да ғашық боп қалам-ау деп қорықтым.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 598 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: