Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат |
Талқандап
мынау тағдырдың темір шідерін, Бар
болсаң, бақыт, көзіме көрінші менің. Көрін
де бір сәт ұшып кет көгершін болып, Сенсіз
де сосын алаңсыз өмір сүремін.
Болмасын
мейлі басқадан бір айлам кенде, Аққуы
кеткен ұқсайын мұңайған көлге. Бақытсыз
емей немен, ойлашы, достым, Бақытын
сұрап жүрген соң Құдайдан пенде.
Десек
те жұмыр бастылар бір емес ек қой, (Есегің
екеш бақ жайлы кіреді есекке ой) Бақыттымын
деп сезінсе бар адам өзін, Бақыттыларға
бақытты тілемес ек қой.
Тілгілеп
тінін тірліктің тірі ашынардай, Келемін
әлі еркін бір құлаш ұра алмай. Кетесің
кейде соңынан соқыр үміттің, Қақаған
қыстың құшында гүл ашылардай.
Біреудің
күндеп қайтейін өрмелегенін, Өлермендікке
тойған ба пенде дегенің. Кіргенін
сезбей қалғанша көрге дененің, Өтсем
болғаны, әйтеуір, сен деп өлеңім. | |
Просмотров: 818 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |