Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат |
Сап-сарысың-ау,
сүйкімдім, сарғалдақпысың, Арман-бақ
құсым, мен үшін мәңгі ардақтысың. Мендік
сезімді ес-түссіз нұрлы бейнеңе, Жанарым
от боп қадалып қалғанда-ақ түсін.
Жанарың
сенің қоңыр ма, жасыл ма, көк пе? Қалқайып
қарап отырам қасыңда текке. Самала
желмен соғылып шашың да бетке, Салып
қойдың-ау, сары қыз, басымды әлекке.
Жасын
көңілдің думанды айдыны жұтап, Жасыл
ағашым күйге енер қай күні бұтақ. Жапырақ
парақ жанымның жанған жарығы, Жүрегімді
оқы, Жүрегім
– қайғылы кітап.
Көңіл-аспанның
көмкеріп атыраптарын, Алаңғасарлау
атпай ма ақымақ таңым? Жұлқылап
мендік жүректің жапырақтарын, Жел
болып тұрдың, құлауға жақын-ақ қалдым.
Жарығын
іздеп кеудемде жатыпты өлеңім, Жылуын
аңсап сендегі жаһұт дененің. Жер-көктен
іздеп, шарқ ұрып таба алмай жүрсем, Сары
қыз болып жүріпті-ау бақыт дегенің. | |
Просмотров: 688 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |