Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

СҰЛУЛЫҚ

Сіздей жанды адам шіркін көрген бе,

Сипатында сызаты жоқ сиқырсыз.

О, Сұлулық! Жаныңызға  келгенде,

Әдемілер боп қалады сүйкімсіз.

 

Сіздей жанды адам шіркін көрген бе,

Паңдансаңыз періштелер елпектер.

О, Сұлулық! Жаныңызға келгенде,

Қойдан жуас боп қалады тентектер.

 

Сіздей жанды адам шіркін көрген бе,

Көркіңізге басын иіп тұр таулар

О, Сұлулық! Жаныңызға келгенде,

Тамылжытып ән салады мылқаулар.

 

Сіздей жанды көрген емес еш пенде,

Ғаламаттан жаралғансыз басқа бір.

О, Сұлулық! Жаныңызға келгенде,

Өзге түгіл өсіп шығар тасқа гүл.

 

Көріктіні көрсететін ерсі ғып,

Келбетіңіз көкте күнмен болды егіз.

Сізден тапқан жалғыз ғана кемшілік:

Екеуміз де пендеміз…

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: