Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

ӨМІР

Құралғандай балеттердің биінен,

Өмір, өмір!

Өмір, неткен қиын ең.

Еш таразы тарта алмайды жүгіңді,

Өлшенетін адамзаттың миымен.

 

Сырларыңды сынай білген салмақпен,

Адамдарға, өмір, неткен ардақты ең.

Балдайсың-ау былғап ішер бармақпен,

Бірақ, бірақ емессің-ау мәңгі, әттең!

 

Жақсылық пен жамандықты тел емген,

Уа, дүние!

Нені ұқтым сенен мен.

Түк түсінбей өтіп кетеді екен ғой,

Адам қанша өмір сүрдім дегенмен.

 

Ақылымнан әріге асып бара алмай,

Аласұрам ақпандағы борандай.

Тағы да кеп тығырыққа тірелем,

Тағдырымның тақырыбын таба алмай.

 

Өмір жайлы түсініктің құны ерен,

Екендігін ұққандаймын, міне, мен.

Тек артымда аманат боп қалса екен,

Өзім жазған өмір жайлы бір өлең.

 

Бұл өмірдің байыбына тереңнен,

Түсіне алмай өтіп барам, дегенмен.

Өзіме-өзім белгі соғып өлем мен,

ӨЛЕҢМЕН.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 561 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: