Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

Маңдайымнан қарт тауға сүйдіргім кеп,

Маңдайымнан қарт тауға сүйдіргім кеп,

Шабыт келсе кеудемде күй күмбірлеп.

Қыран қанат керілген құшағыма,

Бар әлемді кетеді сыйдырғым кеп.

 

Жаза алмаспын, мүмкін, мен өткір өлең,

Жүрегім ғой кеудемді тепкілеген.

Қазақы қара өлеңнің самайына,

Ақын ем ақ түспесін деп тілеген.

 

Тірлік еткен екінің бірі тыңдар,

Жыр жазам ба деген бір үмітім бар.

Жарым көңіл, жаураған жүрек болса,

Менің өлеңдеріммен жылытыңдар.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 511 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: