Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

БАҒАҒА…

Мен күрсінем, бауырым, сен де күрсін,

Әттең, бізді ұқпайды-ау, ел не білсін.

Ақыл-есім, бар ойым сенде жүрсін

Сенің-дағы жүрегің мен деп ұрсын

Мен күрсінем, бауырым, сен де күрсін.

 

Мен сағынам, бауырым, сен де сағын,

Өзіңсің ғой өмірде өлмес әнім.

Жамандыққа мен жоқта келмесе әлің,

Маған айт деп мұңыңды желге шағын,

Мен сағынам, бауырым, сен де сағын.

 

Мен мұңаям, бауырым, сен де мұңай,

Тіршіліктің дәмінің кермегін-ай.

Құл ғып мәңгі қойған соң жерге құдай,

Қара жерді сүйеді пенде құлай.

Мен мұңаям, бауырым, сен де мұңай.

 

Мен қуанам, бауырым, сен де қуан,

Қанатын қаққан шақта кеңге қыран.

Қуанышқа арнатсын Хақ Тағалам,

Жалқы жырын жанымның жөргегі қан.

Мен қуанам, бауырым, сен де қуан!

17.07.93.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 571 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: