Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

Қара басым құшақтап қара мұңды,

Қара басым құшақтап қара мұңды,

Қара түндей сағындым жанарыңды.

Ұстатпастан алыстап барамысың,

Көбелегім секілді бала күнгі.

 

Көңілімді қайтесің жылай қалған,

Сезімімді қайтесің лайланған.

Мені есіңе аларсың аласұрып,

Құйын көрсең көшеде шыр айналған.

 

Тапқың келсе тағдырдан жараң емін,

Жанарыма, жаным-ау, қара менің.

Түнгі аспан боп мұңайсаң, омырауыңа,

Жұлдыз болып жабысып қалар едім.

 

Самайыңнан сипаған дала лебін,

Оттай алақаныма бала менің.

Қара аспан боп жыласаң көз жасыңды,

Қара жер боп сіміріп алар едім.

 

Сағынышың сыймастан сар далаға,

Кейде мені аңсасаң тауға қара.

Жыламашы жалғанда жаным менің,

Мен бақытты боламын сонда ғана.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 642 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: