Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

АХАҢНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Алашым үшін, Алла жар,

Ажалға тіктім басымды

Жарыққа сілтер жанға зар

Адасып келген ғасырды

Тамыры тексіз тапшыл күн,

Аманат саған тапсырдым.

 

Алашым үшін, Тәңірім,

Тәуекел, талақ тағдырым

Бүгінге құнсыз қадірім

Болашақ үшін – бар құным.

Мендегі осы қанағат –

Келер күн, саған аманат.

 

Алашым үшін, Жарық күн,

Жанарға симай барасың

Қамсыздау қыңыр халықтың,

Сәулеге малдым санасын.

Жанымды жала жаралап,

Заманат жатыр қаралап,

Ақиқат саған аманат.

 

Алашым үшін Сарыарқа-ау,

Сені де қиып барамын

Жүрегім жалын жанартау

Сеп болар ма екен самалың.

Алланы жаным табар-ақ,

Топырағыңа тәнім аманат.

 

Алашым үшін, Қауыз күн,

Айналдың неге азапқа?

Қанаттан сусын тамыздым,

Қаталап жатқан қазаққа.

Кәсібі кеткен халыққа

Нәсібі көктен жауып па!

 

Алашым үшін, Тағалам!

Ажалға тіктім басымды

Жаралы жаным, жаға қан,

Маңдайға тиген тасыңды

Қалдырдым саған, аманат

Адасқан асыл жамағат

Алашым үшін, Аманат!!!

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 602 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: