Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

АЯУЛЫМ

Аппақтығыңды айға теңер ем,

Айдың да бірақ дағы бар.

Аяулым менің арманым болдың,

Ақ таңда жыр боп ағылар.

 

Күлкіңді сенің көктем дер едім,

Көктем де кейде көңілсіз.

Табиғатыңа теңеу таба алмай,

Тамсана берем тек үнсіз.

 

Көзіңді сенің қарақат дер ем,

Қарақат бірақ қоңырлау.

Кеудеме қонған бір мұңым болдың,

Алатаудан да ауырлау.

 

Махаббат атты шәрбат шырынның,

Уытты уын іштім ғой.

Ерніңді сенің шие дер едім,

Шие де бірақ қышқыл ғой.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 618 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: