Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Кулабаев Нурканат

А-ға…

Көктемеде бүр жарған жаңа ашылып,

Есіңде ме біз барған бала шыбық.

Сенің мені сағынған сәттеріңдей,

Бала шыбық бізді аңсар аласұрып.

 

Талқы тағдыр тағы да артпақ мұңын,

Адасып қалған менің, аппақ күнім.

Шоқ басқандай болдым ау сен сыйлаған,

Махаббаттың кеттім де таптап гүлін.

 

Сағынышты зарығып жиып іштен,

Күлгенімнен көңілсіз күйім үстем.

Гүлі де үскен көңілдің,

Күйініштен,

Аршып алар ащы мұң құйып ішкен.

 

Боданы боп басқаның құшағында,

Берілдің бе, бейдауа құса-мұңға?!

Адам неге түкті де сезбейді екен,

Бақыт құсы басынан ұшарында.

Категория: Кулабаев Нурканат | Добавил: MaRa (21.12.2012)
Просмотров: 589 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: