Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Калимов Батырбек

Жиырма миллион

Жиырма миллион

Сөніп қалған үміттер,

Қиын шақта, қыршын кеткен жігіттер.

Жайқалтатын, жайнататын даланы,

Озық ойлы кейіпкер.

 

Жиырма миллион,

Аяулы асыл аналар,

Сұм соғыстың қасіретін табалар.

Құрылыс қирап,жалын құшып жасыл бақ.

Күлге айналған қалалар.

 

Жиырма миллион,

Тарамыс қол қария.

Соғыс селішайқап кеикен нар ұя.

Қара қағаз, қалтыратып өң бойын,

Сенбейтұғын етуге елге жария.

 

Жиырма миллион,

Жүдеу жүзді жеңгелер.

Өздеріңе бар ма едіөау, жан тең келер?

Иығынан кетпен түспей ерте-кеш,

Бар жұмысты өңгерер.

 

Жиырма миллион,

Ерте есейген балалық.

Әр күнінен күтетұғын жаңалық.

Үлкендерше отырады ой айтып,

Өмір өзі жібергендей дана ғып.

 

Жиырма миллион,

Қайғы менен қасырет.

Адамзаттың санасына жетсінші

Ғаламаты, жаманаты соғыстың,

Жиырма миллион, сеніменен кетсінші.

 

Абай Қажи - отставкадағы полиция подполковнигі

Әулиекөл ауданы,

Аманқарағай с. 

Категория: Калимов Батырбек | Добавил: MaRa (24.12.2012)
Просмотров: 756 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: