Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Февраль » 27 » «Тарановские зори» кітабының тұсаукесері
09:33
«Тарановские зори» кітабының тұсаукесері

Облысымыздың бас кітапханасында белгілі жазушы, драматург Бейімбет Майлинның жерлестерінің «Тарановские зори» кітабының тұсаукесері болды. 23 ақынның шығармашылығы (портреттер, өмірбаяндар, өлеңдер) енгізілген жинақ қазақ және орыс тілдерінде шығарылған.

Жүргізуші жаңа кітаптың жарыққа шығуы жалпы жұртқа – авторға, баспаға және оқырманға ортақ мереке екендігін атап өтті. Тұсаукесер баяншы-өңдеуші, композитор, Меценаттар клубының лауреаты С.Б.Кобызевтің орындауындағы әсем музыкамен басталды. Тарандық делегация құрамында келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Ф.Горбань, ақын әрі ардегерлер кеңесінің және бастамашыл топтың мүшесі В.С.Ильченко, жас ақын А.Кондрина, АОК библиографы С.Н.Король сұрақтарға жауап беріп, жинақ туралы әңгімелеп берді және өлеңдер оқыды.

 

Қостанайлық ақындар тұсаукесер барысында әріптестерінің қуаныштарына ортақ екендіктерін білдірісіп, тілектерін жеткізді және өздерінің өлеңдерін оқысты.

«Толстовканың» кітапханашылары кітаптың өз оқырмандарын табатынына сендірді. Шараға жиналғандар жаңа кітапқа ақ жол айтысып, авторларға денсаулық пен шығармашылық шабыт тілесті.

 

Просмотров: 634 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0