Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Октябрь » 29 » Тұсаукесер
09:04
Тұсаукесер

29 қазанда Ресей жазушылар одағының мүшесі Юрий Михайлович Деминнің «Возвращение» жинағының тұсаукесері болып өтті. Кітап үстіміздегі жылы 500 данамен Екатеринбургте басылып шықты.

Кез келген кітаптың тұсаукесері кітап пен кітап оқуға көрсетілген қолдау болып табылады.  Аталған жинақтың жарыққа шығуына қостанайлық ақындар А.Досов, Н.Кочин, С.Левченко және тағы басқалар мен кітапханашылар А.Галаган, Р.Тасмагамбетова, В.Некрасова, Д. Дауренбековалар қолдау көрсетті. 

Тұсаукесер барысында ақынның Қостанай, жыл мезгілдері, ана және мәңгілік тақырып болған махаббат жайында өлеңдері оқылып, өлең оқуға автордың өзі де қатысты. Ақын кешті жүргізуші мен шараға келгендердің сұрақтарына жауап берді.    

Тұсаукесердің кітап пен автордың ғана емес, сондай-ақ оның болашақ оқырмандарының да мерекесі екендігі белгілі. Ал кез келген мерекенің ән мен күйсіз болмайтындығы белгілі.  Қалалық «Подруги» ансамблі Юрий Михайловичке көптеген әндерді тарту етті. Сөз сөйлеген барлық қонақтар ақынның адамгершілігі мен ақкөңілділігін ерекше атап өтісті.  Кездесу жүрекке жылы өзара түсіністік жағдайында өтті. Кездесуде түрлі жастағы жұртпен бірге арнайы шақырылған Қостанай облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары да болды.  

Просмотров: 500 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0