Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Январь » 21 » Құрметті оқырмандар!
15:08
Құрметті оқырмандар!

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК 

«Құт мекенім – Қостанай!» атты әдеби байқау жариялайды.

 

Байқауға шығармалар қазақ және орыс тілдерінде келесідей атаулар бойынша қабылданады:

- проза (эссе, очерк, әңгіме) – 4 баспа беттен аспауы тиіс,

- поэзия: 5 өлеңге дейінгі шығармалар – 100 жолдан аспауы тиіс,

- поэма – 150 жолдан аспауы тиіс,

Байқауға бұрын жарияланған материалдармен қатар әлі жарыққа шықпаған шығармаларды электронды және терілген қалыпта тапсыруға болады.

Шығарма мәтіндері 2013 ж. 25 қаңтары мен 01 маусымы аралығында қабылданады.

Байқауға облысымыздың барлық тұрғындары қатыса алады.

Қазылық өкілеттілігі бар байқау комиссиясы байқауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етіп, ұсынылған материалдарды бағалайды және байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

Конкурстың қорытындысы бойынша ӘМО Сараптама кеңесі үздік деп танылған шығармаларды «Тобыл толқындары» альманахының екінші шығарылымына енгізуді жоспарлап отыр.

Байқаудың қорытындысын шығару Қала күніне орайластырылады.

 

Байқау жұмыстарыңызды мына мекенжайға жіберіңіздер:

Қостанай қ.  Алтынсарин көш., 111

Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК, әдебиет орталығы.

Байланыс телефоны: 500-322

e-mail: lit-center@mail.ru

Просмотров: 575 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0