Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Февраль » 7 » Профессормен кездесу
09:39
Профессормен кездесу

7 ақпан күні жиналыс залында «Ойымды айтар болсам» тақырыбымен профессор Ю.Я.Бондаренконың шығармашылық кеші болып өтті. Юрий Яковлевичтің жұмыс бағыты – философия, дін, мәдениеттану, тарих. Ол елімізде және шетелде жарияланып тұратын көптеген ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы. Мерзімді басылымда көптеген мақалалары жарияланды, өлең және эпиграмма жазумен айналысады.

Кеште кездейсоқ келген кісілер болған жоқ, кездесуге профессордың жетістіктеріне сүйсінетін, оның Қостанайда болып жатқан мәдени оқиғалар, қаланың әдебиеті туралы айтқан толғаныстары мен ойларын тыңдап жүретін достары, әріптестері, студенттер, құрмет тұтушылар жиналды. Кездесу барысында баспагер, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері А.В.Тарасенко мен ақын әрі педагог А.Суслованың қатысуымен профессордың «Прикосновение к слову» кітабының тұсаукесері болды.

 

Профессордың «Ойланатын дүние көп» дегені кештің қорытындысы болды. Кездесуге «Заман ағысы» және «Юрий Яковлевич Бондаренконың сыйы» жеке көрмелері дайындалды.

 
 
Просмотров: 614 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0