Приветствую Вас, Гость
Главная » 2012 » Июнь » 22 » Федоровка ауданындағы ақындар десанты / Поэтический десант в Федоровку
09:50
Федоровка ауданындағы ақындар десанты / Поэтический десант в Федоровку

Жылдың әр мезгілінің өзіндік сұлулығы мен поэзиясы бар. Маусым айының майы тамған күндерінің бірінде қостанайлық авторлар: ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Әбдірахман Досов, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ аға оқытушысы, филолог Нұрқанат Құлабаев федоровтық ақындарды, жұртшылықты және аудан жастарын өздерінің шығармашылықтарымен таныстырды.

Авторларды аудан әкімінің орынбасары Нұржан Өтегенов қарсы алды. Жергілікті ақындар жиналғандар алдында өздерінің жырларын оқып, шығармашылықтарын облысқа танымал ақындардың назарына ұсынды.

 Кеш соңында сөз өнері авторлардың талмай еңбек етулеріне және өз ойларын белгілі бір құбылысқа, тақырыпқа бағыттаумен байланысты деген қорытынды жасалынды. Кездесуді қорытындылаған Нұржан Өтегенов авторларға шығармашылық табыстар тіледі. Кездесу жылы да достық жағдайда өтті.

 

У каждого времени года своя красота и своя поэзия. Вот и жарким июньским днем известные костанайские авторы: член Союза пистаелей РК Акылбек Шаяхмет, лауреат премии «Казына» Клуба меценатов Абдрахман Досов, филолог, старший преподователь КГУ им.А.Байтурсынова Нурканат Кулабаев познакомили со своим творчеством федоровских поэтов, общественность и молодежь района.

Авторов приветствовал заместитель акима района Нуржан Утегенов. Местные поэты также читали стихи, таким образом доверив свое творчество маститым поэтам области.

Рефреном встречи стала мысль, что искусство слова, требует от авторов неустанной работы и сосредаточенности. Завершая встречу Нуржан Утегенов пожелал авторам воплощения в жизнь творческих планов. Мероприятие прошло в атмосфере тепла и внимания.

Просмотров: 479 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0