Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Январь » 28 » Әдеби отырыстар
14:15
Әдеби отырыстар

25 қаңтар күні қонақжайда дәстүрлі әдеби отырыс болды. Жүргізуші қатысқандарды әдебиет әлемінде және оның сыртында болып жатқан оқиғалармен таныстырды.

Осы күні В.С.Высоцкийге 75 жыл толғанын жиналғандардың есіне салды. Қостанайлық ақындар мен поэзияны сүйетіндерді ақынның өлеңдерін оқып, әркімнің «өзінің Высоцкийі» болуына байланысты өздерінің ойларымен бөлісуге шақырды және мұны В.А.Лоскутников, А.И. Суслова, Н.П. Рядинская, Н.Ф.Кочин, А.С. Денисов, А.В. Каратаев, А.С.Карчаковский және т.б. өз сөздерімен дәлелдеп берді. Жиналғандар студенттік жылдары Владимир Семенович ойнаған спектакльдерді тамашалай алған петербургтық кинорежиссер В.А.Захарьевтің сөзін қызыға тыңдады. Ол реті келгенде Олжас Сүлейменовтың «Артист» өлеңін оқып берді.

Осындай кездесулерден В.С.Высоцкийдің шығармашылық мұрасының ХХІ ғасырдағы тынымсыз тіршіліктің астында қалып, жоғалып кетпегенін, қайта жаңа толқынның жаңғыртып, жалғастырып жатқанын көруге болады.  Кездесуге арнап ақынның көптеген жинағы мен ол туралы әдебиеттер қойылған «Жылдар өтсе де, жоғалмаған дауыс» атты көрме безендірілді.

Үнтаспадан ақынның орындауында айтылған әндер кешті тақырыпқа жақындата түсті. 

Просмотров: 506 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0