Приветствую Вас, Гость
Главная » 2015 » Январь » 22 » «Ғасырларға куә болған мемлекет»
08:58
«Ғасырларға куә болған мемлекет»

    Мемлекетіміз биылғы жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қодауымен қазақ хандығының  550 жылдығын мерекелейді. Бұл атаулы күнді мерекелеу аясында,  Толстой ат. ОӘҒК  осы атаулы мерейтойға «Ғасырларға куә болған мемлекет» атты  кітап көрмесінің салтанатты ашылуын жасады. Кіапхана қорынан алынған экспозияны тамашалауға белгілі тарихшылар, студенттер қауымымен, аудандық, қалалық кітапханалар директорлары,  БАҚ өкілдері шақырылды.

    Көрмеге қойылған жалпы саны 200 –ден аса кітаптар, Қазақ хандығының құрылуы мен күні бүгінге дейінгі қазіргі Қазақстан тарихынан  құнды, рухани сабақ алатын кезеңдерден  сыр шертеді. Youtube сайтынан алынған Елбасымыздың республикалық жетекші БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты тыңдалып, Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының желісімен түсірілген 3D форматындағы «Қазақ  елі» анимациялық жобасын тамашалады. Арнайы шақырылған қонақтарымыз ҚМПИ-нің қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары, тарих магистрлері Рауан Байдалы мен Қуаныш Абильмаликов хандықты тойлаудың мәні- маңызын, патриоттық сабақ алатын тарихи оқиға екендігін тілге тиек етті.

Просмотров: 577 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0