Приветствую Вас, Гость
Главная » 2011 » Январь » 25 » Аслан Қанғожин мен Марғұлан Оспановтың кездесуі
10:03
Аслан Қанғожин мен Марғұлан Оспановтың кездесуі

Кітапханамызда жаңа 2011 жыл табысты істермен бастау алды.Соның куәсі қаңтар айының 25- інде, әдеби орталық бөлімінің бастамасымен жыл сайын болып келе жатқан Ақындар диалогы айдары жас ақындармен кездесу кешін ұйымдастырды. Бүгінде жастардың арасында қолына қалам алып, ақын атанып жүрген жастарымыз да аз емес.

 Кітапхананың акт залында ұйымдастырылған кешке жиналғандар саны да көңіл қуантарлықтай болды.Кештің мақсаты қаламыздың талантты, болашағынан үміт күттірер , қаламы жүйрік жас ақындарымыздың оқырмандар алдында өз өлеңдерін ортаға салып қаламдарын ұштай түсуге мүмкіндік жасау,оқырман қауымға облысымыздың белгілі ақындарының ізін басып келе жатқан жас таланттарымыздың бар екенін жария ету.

Бұл жолғы кештің кейіпкерлері Аслан Қанғожин мен Марғұлан Оспанов Екеуі де кездесу барысында бір-бірінің өлеңдерін оқып, біріне –бірі баға беріп, шығармашылықтарына құрметпен қарайтындықтарын жасырмай айтып, көрермендермен ой бөлісті.

 Кешке гуманитарлық колледж , Эконмикалық колледж студенттері, аға буын өкілдерінен «Таза бұлақ» қорының төрайымы Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы қатысып, ақындардың шығармашылықтарына өз бағаларын берді.

Просмотров: 867 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0