Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Май » 15 » Әулиекөлге түскен әдеби десант
10:12
Әулиекөлге түскен әдеби десант

«Әдеби десант» жобасы аясындағы келесі сапармен Әулиекөл к. болып қайттық. Бұл жолы тыңдаушыларға А.Шаяхмет пен Ә.Досовтың шығармашылықтарымен толығырақ тансудың сәті түсті. Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Әбішев Қайрат Тынымбайұлы мен мәдениет бөлімінің бастығы Байжанов Марат Жұмабайұлы таныстырды.

   

Жергілікті ақындар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қостанайлық авторлардың шығармашылық жетістіктеріне ризашылықтарын білдіріп, өлең оқу дәстүрін жоғалтып алмай, дамыту қажет екендігіне қолдауларын білдірді, қонақтардың заман мен өмір туралы толғаныстарын тыңдап, сұрақтар қойды және өздерінің өлеңдерін оқыды. 

Әсіресе жиналғандарға екі ақынның жұптық жұмыстары: А.Шаяхметтің Ә.Досовтан қазақ тіліне аударған өлеңдері және Ә.Досовтың А.Шаяхметтен орыс тіліне аударған өлеңдері ерекше әсер етті.

Кездесу ерекше өзара жақындық, бауырмалдық жағдайында өтті. Осындай шаралардан кейін поэзияның адамның көңілін көтере білетініне тағы да көзің жете түседі.

Кездесу Ш.Уәлиханов ат. № 2 ОМ өтті. 


Просмотров: 646 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0