Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Февраль » 24 » Тұсаукесер
15:35
Тұсаукесер

21 ақпанда қонақжайда «Избранные притчи» кітабының тұсаукесері болып өтті.  Жинақ қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне шығарылған.  Кітапты құрастырған да, аударған да әкелі балалы   М.Дулатов ат. ҚИЭУ оқытушысы Әбутәліп Әмірұлы Әбдіхалықов пен аталған оқу орнының магистранты Дина Әбдіхалықова. Жаңа кітапқа психология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ психология және педагогика кафедрасының профессоры Л.В.Саркисян, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ психология кафедрасының меңгерушісі Т.И.Смаглий, Глазунов ОМ директоры К.К.Рагатов пікір жазған.    

Кітаптың тұсаукесеріне педагог әрі ақын А.Суслова, публицист А.Денисов, өлкетанушы А.Каратаев,  ақын Н.Кочин қатысып,  шараға қатысқандарды тәмсілдің адамның жүрегіне жол таба алатындығына, өзгелерді тыңдай білуге үйрететіндігіне және өзіңді жетілдіре түсуге көмектесетініне сендірді. Кітапты құрастырушылар тұсаукесерді жүргізуші мен қатысып отырған оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. 

Просмотров: 438 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0