Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Май » 23 » Семей – Қостанай әдеби телекөпірі
09:53
Семей – Қостанай әдеби телекөпірі

22 мамыр күні Семей және Қостанай қалалары арасында кезекті әдеби телекөпір болып өтті. Кездесуді жүргізушілер шараға қатысушыларды қонақтармен таныстырып өтті.

Абай ат. ОӘҒК қонақтары болғандар: 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еспенбетов Арап; М.Әуезов мұражай-үйінің бұрынғы директоры, еңбек ардагері, ұлы классикпен кездескен жазушы Исабаев Бекен; жазушы, "Құрмет” орденінің иегері Сәрсеке Медеу; М.Әуезов мұражай-үйінің директоры Исабаев Шаһжан; Мәдениет қайраткері, сазгер, М.Әуезовпен бірнеше мәрте кездескен Бекен Жұманов; сыншы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы, «Құрмет» орденінің иегері Төкен Ибрагимов; Абай атамыздың жиені, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, «Абай» қорының президенті Ерсәлімов Балтабек; кезінде М.Әуезов білім алған, қазір жазушы есімімен аталатын педагогикалық колледждің директоры Жанаева Шаған; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» кітабының авторы Сұлтанов Өмірзақ.

Біздің кітапханамыздың қонақтары:

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақылбек Шаяхмет; ақын Әлпия Орманшина; ақын Салтанат Өтелбаева; қоғам қайраткері, ахметтанушы Ибрагим Ағытаев; ҚМПИ оқытушылары мен студенттері және Біліктілікті арттыру институтының тыңдаушылары.

  

Кездесудің негізгі тақырыбы «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясы болды. Семейліктер М.Әуезовпен болған кездесулер туралы жан-жақты әңгімелеп беріп, біздің оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап берді және Онлайн тәртібінде жас ақындармен кездесу өткізуді ұсынды.

Кітапхана директорлары А. Шаймарданова мен Г.Казина барлық шараға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 719 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0