Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Май » 20 » Ришат Галеевті еске алу кеші
10:05
Ришат Галеевті еске алу кеші

«Бере алмадым барлығына көмекті,

Ешкім мені құдай еді демес-ті.

Көп сұраққа жауап таппай қиналдым,

Жалған айтып, жұртты алдады демес-ті»

О.Сүлейменов

Әдеби қонақжайда кезекті кездесу болып өтті. «Жанымның айнасы – гитара» тақырыбымен өткен бұл жолғы кездесу қостанайлық ақын, кітапхананың тұрақты оқырманы, авторлық әндерді сүйетіндермен өткізілетін кездесулердің жиі қонағы болған бард Ришат Галеевті еске алуға арналды.

   

Кездесу киножурналист В.Крикунның «Мықтылар мектебі» шеңберінде түсірген және Ришатқа арнаған «Крылья» фильмімен ашылды.

Белгілі гитарашы-музыкант В.Пыжевкий өзінің досына шағын концертін арнады. Бұл кеште В.Лукичева, И.Куксина мен Д.Корой ойнаған гитаралардың да үндері аса мұңды шықты. Ришаттың өлеңдері оқылып, ақынның қарындасы туыстары атынан ұйымдастырылған кеш үшін алғысын білдірді.

Кешке қатысқан қостанайлық ақын Нина Полякова Р.Галеевтің бірнеше өлеңін оқыса, Татьяна Кайгородцева оған өлең арнады, ал Лариса Кайнюкова Ришатпен болған кездесуді еске алды.

Кездесуді Аркадий Семенович Денисов жүргізді.

   


Просмотров: 567 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0