Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Апрель » 23 » «Рақмет саған, поэзия» поэзия кеші
15:15
«Рақмет саған, поэзия» поэзия кеші

«Достыққа куә болған құт мекен» кітап апталығы аясында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында қонақжайда дағыстан ақыны Расул Ғамзатовтың шығармашылығына арналған «Рақмет саған, поэзия» поэзия кеші болып өтті.

Кешке қостанайлық авторлар, қала жұртшылығы, жастар, белсенді оқырмандар қатысты. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қостанайлық автор Ақылбек Шаяхмет өзінің Расул Ғамзатовпен болған кездесуі туралы айтып берді.

Көпшілікке танымал «Тырналар» өлеңі қазақ, авар және орыс тілінде оқылды. ҚМПИ, ЧелМУ филология факультетінің студенттері ақынның өздеріне ұнаған Отан, әйелдер мен махаббат туралы өлеңдерін оқыды.

Қостанайлық жастардың «Тұрағы жоқ театр» студиясы дайындаған «Достарыңды сақтаңдар» бейнеролигі тыңдармандардың ерекше қызығушылықтарын тудырды.

Кездесуді қорытындылаған жүргізуші бұл кештің кітапхананың ақынның Отанындағы Хасавюрт орталық кітапханасы ұйымдастырған «РАСУЛ ҒАМЗАТОВ – ІЗГІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖЫРШЫСЫ» атты халықаралық акцияға қосқан үлесі де екендігін атап өтті.

Просмотров: 1093 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0