Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Июнь » 21 » «Отан да отбасынан басталады - Родина начинается с порога дома»
15:02
«Отан да отбасынан басталады - Родина начинается с порога дома»

26.06. қонақжайда кітап мерекесі болып өтті – бұл жолы қостанайлық белгілі ақын Ғанижамал Бердалинованың «Отан да отбасынан басталады - Родина начинается с порога дома» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта отбасындағы отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, қара шаңырақты, отбасын және Отанды – Қазақстанды құрметтеуге тәрбиелеу кеңінен сөз болады. Берік отбасы – қуатты, дамыған мемлекеттің негізі. Кітаптың негізгі ойы осыған саяды.

Шараға келген қостанайлық авторлар: Қ.Орманов, С.Оспанов, Ә.Досов, А.Суслова, А.Бекмағамбетов өздерінің тілектерін білдірісіп, әріптестерінің қуанышына ортақ екендіктерін жеткізісті.

Кездесуге арналып Ғанижамал Сайманқызының кітаптары мен ол туралы әдебиеттер қойылған «Тағылымы мол төрайым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Толстовканың» кітапханашылары кітапқа деген сұраныстың міндетті түрде болатынына сенім білдірісті. Шараға қатысқандар жаңа кітапқа  сәт сапар, авторға денсаулық пен шығармашылық шабыт тілесті.

Просмотров: 766 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0