Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Июнь » 6 » Қостанай. А.С.Пушкин ескеркіші. «Ерікті микрофон»
08:50
Қостанай. А.С.Пушкин ескеркіші. «Ерікті микрофон»

     Маусымның 6-сында әлем Пушкинді еске алады. Александр Сергеевич мұрасы – бар адамзаттың игілігі. Ақынның есімі мен еңбегі қазақ жерінде де ешқашан өзге халықтыкі деп шеттетілген емес.

         Дағдыланған дәстүр бойынша А.С.Пушкиннің ескерткішіне қостанайлық авторлар, ақынның талантына бас июшілер, әр түрлі жастағы поэзия сүюші қауым, қала қонақтары жиналды.

         Кездесу «Ерікті микрофон» сипатында өтті. Пушкинді қазақ тіліне көбісі аударды және аударып та келеді. Дархан даламызда Пушкиннің поэзиясының кеңінен таралуына Абай үлкен үлесін қосты. Абай өзінің ізбасарларына аударманың ең жоғары үлгісін көрсетті. Осыған байланысты болса керек, біздің кездесуімізде де Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының оқырмандары арқылы Пушкин қазақ тілінде сөйледі. «Толстовканың» кітапханашылары Абай мен Шәкәрімнің аудармасында Пушкин өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

         Қазақстанда тұрған біз, Пушкиннің Орал қаласында өткенге бергісіз екі жарым күнін өткізгендігін мақтан тұтамыз. Аз уақыт болса да сол сапардан қалған Пушкиннің күлкісі мен дауысын, аяғы тиген әр жердегі ізін, қолының ұшы тиген әр нәрсені есте сақтап, оның өнері мен талантын қазіргілер жалғап келеді.

         Сондықтан микрофонға ақын, көптеген айтыстың қатысушысы Ғайнижамал Бердалиованың микрофонда Пушкинді қазақ және орыс тілінде оқығаны әсер қалдырды. Ол да кезінде Орал қаласында жоғары филология білім алғанын атап кетті.

         Бідің жерлесіміз геолог әрі ақын Г.С.Мануйлов артында өшпес із қалдырды: қаламызда А.С.Пушкиннің әдеби мұражайын ұйымдастырды, ақынның ұрпағын қаламызға бірнеше рет шақырды. Геннадий Степановичтің өлеңдерін А.Олексюк оқыды. Александр Сергеевичке қаламыздың қаншама ақындары өз өлеңдерін арнады.

         Әрдайым заманауи Пушкин әрқашан ең жақын дос, серік, кеңесші болып қала береді. Пушкиннің сөзі біздерді ақынның 215 жылдығында қайта табыстырды. Кездесуге қатысқандардың әрқайсысына алғыс айтамыз!

Просмотров: 537 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0