Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Апрель » 30 » «Қолтаңбам халқыма»
10:16
«Қолтаңбам халқыма»

Л.Толстой ат. ОӘҒК сирек кітаптар қорында 200 данадан астам қолтаңбалар қойылған қазақ, орыс және украин тілдеріндегі кітаптардың бірегей коллекциясы жинақталған. Кітаптардың авторлары – кітапханамызда түрлі уақыттарда қонақ болған біздің оқырмандарымыз бен белгілі жазушылар, ақындар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері. Олардың ішінде Ш.Айтматов, М.Айтқожина, М.Хакімжанова, Ф.Оңғарсынова, М.Жолдасбеков, Қ.Салғарин, А.Сейдімбек, С.Әсіпұлы, К.Щеголихин, М.Симашко, С.Шәкібаев, С.Досанов және көптеген басқа да танымал тұлғалар бар. Қолтаңбалы кітаптар кітапхана тарихы үшін маңызды дүниелердің бірі.

Кітап онкүндігі аясында 29.04. қонақжайда «Қолтаңбам халқыма» тақырыбымен кездесу болып өтті. Кездесуге кітаптарына қолдары қойылған авторлар - тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы, тарихшы-өлкетанушы Қуанышбай Орманов, ҰҚК ардагері, заңгер, публицист Ғалихан Нұржанұлы Мәулетов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Қалибек Деріпсалдин қатысты.

   

Аманжол Күзембайұлы қолы қойылған 20 кітабын кездесуге келген жастарға тарту етіп, кітапханаға өзінің 20 астам кітабын сыйға тартты.

Жиналғандардың назарына аталған коллекцияның бір бөлігі қойылған «Қолтаңбалы кітаптар коллекциясы» атты көрме ұсынылды.

Кездесуге келген қала жұртшылығы, ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасы мен А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушылары мен студенттері, белсенді оқырмандар, БАҚ өкілдері қонақтарға сұрақтар қойып, авторларға алғыстарын білдірді. 

Просмотров: 784 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0