Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Апрель » 15 » Облыстың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныбы
09:51
Облыстың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныбы

Көпшілікке танымал, өз сезімдерін өлеңмен өретін ақындар А.Суслова мен Ә.Досовтың кездесу болып өтті.

Сұхбат – адамдардың бір-бірін тануына, пікір алысуына, өзін өзгемен салыстыруға, өзін толғандырған сұрағына қажетті жауап табуына мүмкіндік беретін тамаша құрал. Ақындар бір-біріне өлеңдер оқып, ақын деген кім, шығармашылықтағы басты тақырып қандай деген сұрақтарға жауап берісті.

А.Суслова өзінің балаларға арнаған өлеңдерімен таныстырды. Ә.Досов шығармашылықты аудармашылықпен ұштастырып жүргенін айтып өтіп, өзі аударған Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқып берді. Ақындар өмірдің сүйіспеншілікке толы екендігіне және оны сүю керек екендігіне келісіп, өздерінің жақындары мен әйел қауымына арнап жазған өлеңдерін оқыды.   Әлемнің қай жерін ұнатасыз деген сұраққа да жауап берісті. Отан туралы өлеңдерін оқысты. Олардан туған жерге деген махаббат анық аңғарылып тұрды.

Кездесуді аяқтай отырып жүргізуші ақын өлеңдерінің оқырмандардың жүрегіне жол табуларына тілек білдірді. Шеберлік сыныбын профессор Ю. Бондаренко жалғастырды. Оның ойлары жиналғандардың ерекше қызығушылықтарын тудырды.

Просмотров: 628 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0