Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Ноябрь » 10 » «Оқымыстылар ортамызда»
10:51
«Оқымыстылар ортамызда»

 

          Онкүндік аясында 10.11 күні қонақжайда «Толстой және Шығыс» тақырыбымен «Оқымыстылар ортамызда» клубының жаңа маусымдағы алғашқы отырысы болып өтті. 

Кездесу басында жүргізуші Д.Дауренбекова әлемде Лев Толстойдың атымен аталатын 30 астам кітапхана, соның ішінде Германияда, Мәскеуде, Тулада және т.б. жерлерде бар екендігін жеткізді. Онкүндікке дайындық барысында солардың бірқатарымен хабарласудың сәті түті, соның нәтижесінде Севастополь және Новосибирск (Ресей) қалаларының орталық кітапханалары онлайн тәртібімен кездесуге қатысты.

Кездесуге келген қала оқымыстылары – философия ғылымдарының кандидаты Ю.Бондаренко, тарих ғылымдарының докторы Д.М.Легкий, тарих ғылымдарының кандидаттары П.Шаблей, Я.К.Духин, С.Самаркин, Б.Нұрсейітов Лев Николаевич Толстойдың Шығысқа деген қызығушылығына қатысты өздерінің ойларын ортаға салып, бүгінгі тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірісті.   

Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы А.К.Дуанбаева кездесуге келгендерге кітап оқуға қолдау көрсету және оны дамыту, руханилықты көтеру, облыс тұрғындарының ой өрісін арттыру мақсатында «Оқитын өлке» атты жаңа мәдени бағдарламасының жарияланғандығын жеткізді

Кездесуге сондай-ақ қала жұртшылығы мен қаланың кітапханашылары, ЖОО оқытушылары мен студенттері, белсенді оқырмандар қатысты.

Просмотров: 489 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0