Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Март » 26 » «Наурыз - думан» әдеби сазды кеш
15:44
«Наурыз - думан» әдеби сазды кеш

         17 наурыз күні кітапханамыздың акт залында шуақ шашқан арайлы наурыз мерекесін атап өту мақсатында «Наурыз - думан» тақырыбымен оқырмандарға арналған әдеби сазды кеш болып өтті. Аудитория қатарында Қостанай қалалық ІІД оқу бөлімінің тыңдаушылары, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері, белсенді оқырмандар болды. Кеш барысында қазақтың әндері шырқалып, күйлері төгіліп, өлең жолдары оқылды. Жиналған қауым қазақи салт-дәстүр, киім-кешек, мақал-мәтелдерден құралған викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы арнайы сыйлықтарға ие болды. Қазақтың салттары туралы деректі фильм оқырмандардың көңілінен шықты. Кештен соң келген қонақтар үстіңгі қабатта орналасқан наурызға арналған көрмемен танысып, өздеріне қызықты мәліметтер алды.

Просмотров: 569 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0