Приветствую Вас, Гость
Главная » 2015 » Май » 12 » Ұмыту да, ұмытпау да оңай емес...
14:22
Ұмыту да, ұмытпау да оңай емес...

А.Дементьев

Сыртта 2015 жылдың гүлге оранған мамыр айы – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Жауынгерлер мен қанды қырғынды суреттеген жолдардан көрініс тапқан жорық пен жыр.  Бір қарағанда бір-біріне қатысы жоқ ұғымдар секілді болып көрінгенімен жыр жолдарының Отанды қорғаушылардың намысын жанып, күш-жігер бергеніне, рухын көтеріп, ерлікке бастағанына мысалдар толып жатыр.

Соғыс пен жеңіс жайында қазіргі кездің ақындары да жазудан шаршаған емес, солардың ішінде А.Суслова, В.Лоскутников, Н.Кочин, Т.Кайгародцева, А.Каратаев, А.Удовицкий, А.Денисов, Ю.Бондаренко, Ю.Вовк, Б.Старшинин және т.б. секілді 8 мамыр күнгі әдеби отырысқа жиналған қостанайлық ақындар да бар. 

Кездесу кезінде Ұлы Отан соғысымен байланысты өлеңдер оқылып, отбасылық оқиғалар еске алынды.

1965 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығын атап өткен болатын. Облыстық кітапхананың библиографтары «Вечно живые» жаднамасын дайындады. Аталған жаднамаға кеңес ақыны Константин Симонов «Правда» газетінің 1969 жылдың 28 ақпанындағы санында оң баға берді. Осы жарияланымнан кейін кітапханаға  бұрын облысымызда тұрған адамдардан, әскери бөлімдерден, ел кітапханаларынан жаднама-кітапты салып жіберуді сұраған хаттар қаптап кетті. Осылардың барлығы жайында жүргізуші С.Юсупова айтып берді.

Кездесу майдангерлердің құрметіне арналды. 

Просмотров: 190 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0