Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Апрель » 4 » «Мұхтар Әуезовты оқимыз» акциясы // Акция «Читаем Мухтара Ауэзова»
09:49
«Мұхтар Әуезовты оқимыз» акциясы // Акция «Читаем Мухтара Ауэзова»

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жариялаған «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясы аясында кітапханада түрлі шаралар өткізілуде және тағы да бірнеше шара өткізу жоспарланған. Жаңа әдебиеттер бөлімінде ай бойы М.О.Әуезовтың шығармашылығына арналған «Мәңгілік құндылықтар тудырған жан» атты кітап көрмесі жұмыс істеді, қазір ол қазақ тіліндегі әдебиеттер бөліміне ауыстырылды. Көрмеге екі жүзден астам басылым – М.Әуезовтың еңбектері, жазушының шығармашылығына қатысты жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, М.О.Әуезовтың сан қырлы талантын танытып, оның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін мерзімді басылымдарда жариялаған мақалалар қойылған.

Көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің қызметкерлері аталған көрменің электронды көрсетілімін дайындап шықты. Оқырмандарға қолайлы болуы үшін аталған көрсетілім қаланың оқу орындарында көрсетілді. Көрсетілімді дайындау үшін акция туралы бейнеролик, бейнесұхбат, М.Әуезовтың «Көксерек» кітабы бойынша буктрейлер, М.Әуезовтың сұхбаты келтірілген аудиожазба қолданылды.

Көрсетілім Қостанай педагогикалық колледжінде, ҚМПИ қазақ филология кафедрасында, облыс кітапханашыларына арналған Басшылық мектебінде көрсетілді.

*/*/*

В рамках междуна­родной акции «Читаем Мухтара Ауэзова», объявленной Национальной библиотекой Республики Казахстан в библиотеке запланированы ряд мероприятий. В отделе новинок в течение месяца действовала книжная выставка «Мәңгілік құндылықтар тудырған жан», посвящённая творчеству М.О.Ауэзова. Сейчас она экспонируется в отделе литературы на казахском языке. На выставке представлено более двести источников – это и труды М.Ауэзова, и научно-исследовательские труды по творчеству писателя, и статьи из периодических изданий, раскрывающие многогранный талант М.О.Ауэзова, его творческий и жизненный путь.

Сотрудниками отдела выставочно-массовой работы подготовлена электронная презентация данной выставки. Для удобства читателей, с этой презентацией были сделаны выезды в учебные заведения города. В презентации использованы видеоролик об акции, видео интервью, буктрейлер по книге М.Ауэзова «Коксерек», аудиозапись голоса М.Ауэзова.

Презентацию продемонстрировали в Костанайском педагогическом колледже, на кафедре казахской филологии КГПИ, на Школе руководителей для библиотекарей области.

Просмотров: 601 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0