Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Октябрь » 3 » Лермонтовқа апарар сүрлеу
15:23
Лермонтовқа апарар сүрлеу

03.10 Толстовканың қонақжайында М.Ю.Лермонтовтың 200 жылдығына арналған әдеби отырыс болып өтті. Кездесуге келген жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі бар педагог Э.А.Вехтер, публицист А.С. Денисов, ақын және педагог А.И.Суслова, ақын Т.А. Кайгародцева және басқалар Михаил Юрьевич Лермонтовтың өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтың ешқашан өшпейтіндігіне, адамдардың оған деген сүйіспеншілігінің кемімейтініне сенім білдірісті.  

Кездесуге жиналғандар ақынның жақсы көретін өлеңдерін оқып, оның шығармашылығына қатысты жарияланған жаңалықтармен бөлісті. М.Лермонтовтың сөзіне жазылған романстарды орындаған Анна Герман мен Авраама Руссо кешке лирикалық реңк берді.

Жүргізуші С.С.Юсупова қазақстандық жазушы, «Простор» журналының бас редакторы Валерий  Михайловтың «Молодая гвардия» баспасынан «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан «Один меж небом и землей» кітабы үшін М.Лермонтов ат. сыйлықтың лауреаты болғандығын жеткізді. 

Просмотров: 444 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0