Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Октябрь » 26 » Клуб отырысы
10:41
Клуб отырысы

26. 10. Жексенбі күні қонақжайда жас ақындар бас қосты. Кітапханашы Сапабекова Э.Қ. кітапханада, облыс, республика көлемінде болып жатқан жаңалықтармен бөлісті. Ақындар кезекпен қалта телефондарына жазылған өлеңдерін оқыды. Осы отырысқа Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 4курс студенті, жас ақын Батырлан Сағынтаев келіп шығармашылығын ортаға салды. Батырлан Қостанай облысының жастарының алтын кітабына енген.

Клубтың жұмысын жандандыру мақсатында эмблема, куәлік жасау жоспарланды. Республиканың басқа да облыстарындағы жас ақындар клубымен онлайн сұхбаттасуды ұйғарды.

Қазақ тілінде өлең, әңгіме жазатын қаламгерлерді 02.11. сағ. 14.00  келесі отырыстарға шақырамыз.

Просмотров: 460 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0