Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Халықаралық оқу бағдарламасы аясында
09:26
Халықаралық оқу бағдарламасы аясында

Дағыстанның атақты ақыны атындағы Хасавюртов орталық кітапханасы биыл үшінші жыл қатарынан оқырман қауымын орыс әдебиетінің классиктарының Кавказ, оның ішінде Дағыстан жайлы еңбектерімен таныстыру, яғни сөз арқылы әлемге Дағыстанды таныту мақсатында халықаралық оқу бағдарламасын өткізіп келеді.

Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аталған бағдарламаға «Летят сквозь даль пленительные строки» жобасымен қатысуда. Жоба аясында 18.06.2014 ж. сағат 15:00-де «Очаг мой, Дагестан!» атты әдеби кеш өтті.

Кездесу басында «Дагестанцы в Казахстане» атты бейнесюжет көрсетілді, Расул Ғамзатовтың өлеңдері оқылды, онымен кездесулері жайлы қостанайлық авторлар әңгімелеп берді: ҚР ЖО мүшесі Ақылбек Шаяхмет және профессор Юрий Бондаренко.

40 жылдан аса өтілі бар кітапханашы С. С. Юсупова тыңдаушыларды «Менің Дағыстаным» атты лирикалық повестпен таныстырды, өмірдің қилы сұрақтарына жауап табуға болатындығын ескере отырып, оны жас өкіл буындарына оқуға кеңес берді.

Өтілі мол педагог, кітапханамыздың тұрақты оқырманы С. П. Байдасарова әкесінің сыйлаған Расул Ғамзатовтың жеке кітапханасының кітаптары, оның ішінде әкесі белгі жасап қойып оқуын өтінген өлеңдері жайлы әңгімелеп берді.  Қостанайлық ақындар, Қостанай облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары өз ойларын ортаға салды, Расул Ғамзатовтың өлеңдерін жатқа оқыды.

Қатысқандардың назарын өзіне аудара білген «В горах тебе привет и честь...» кітапты-заттық көрмені орыс классиктерінің Кавказ туралы шығармалары, Расул Ғамзатовтың толық шығармалар жинағы, таңдамалы және жеке басылымдары, оқырмандарымыз өздерінің жеке кітапханаларынан әкелген Расул Ғамзатовтың қазақ, орыс тілдеріндегі томдықтары, ұлттық орталық достық Үйінен әкелінген Кавказдың қолданбалы өнер заттары көрмені толықтырды.

Расул Ғамзатовтың сөзіне жазылған әндер мен «Лезгинка» биі жиналғандардың үлкен ықыласына ие болды.

Просмотров: 441 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0