Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Апрель » 15 » Әдебиетке құмар жандардың онкүндігінің ашылуы
15:24
Әдебиетке құмар жандардың онкүндігінің ашылуы

14 сәуір күні кітапхана фойесінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Әдебиетке құмар жандардың онкүндігінің» салтанатты ашылуы болып өтті. Алексей Губенко жетекшілік ететін муниципальды оркестр шараның ашылу сәтіне ерекше рең берді. Кітапхананың жас қызметкерлері «Кітап ешқашан жоғалмақ емес!» флеш-мобын ұйымдастырды.  

Шараның ашылуына қатысқан Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ж. К. Маканов, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г. К. Амренова, қостанайлық танымал ақын А. И. Суслова, «Атамұра» бірлестігінің өкілі Н. А. Голышкова, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ проректоры А. А. Әбсадықов, Меңдіқара және Таран ОКЖ директорлары С. В. Швыдченко мен Г. Ж. Асанова жиналғандарды кітап мерекесімен құттықтап, өз сөздерінде кітапхананың маңызын, кітаптың әр адамның өмірінде алар орнын атап өтісті.         

Оқырмандарға келесідей шараларды тамашалау ұсынылды:

  • жаңа кітаптар бөлімінде ұйымдастырылған «Кітапхана кітаптарының рекордтары» кітап көрмесі;
  • 2 қабаттың фойесінде безендірілген «Деректерге сүйенген статистика» экспозициясы;
  • аванзалдағы жергілікті авторлардың кітаптары мен кітапхананың әдеби өмірінің фотосуреттері қойылған «Ақын - өз елінің елшісі» кітап көрмесі.

Мереке жиналыс залында өткен «Тобыл толқындары» әдеби альманахының екінші шығарылымының тұсаукесерімен жалғасты. Оған 54 автордың «Құт мекенім – Қостанай» әдеби байқауында үздік деп танылған жұмыстары енді. Барлық авторға альманах сыйға тартылды.  

Көктем айының шуақты күні қала тұрғындары мен қонақтары кітап мерекесінен көтеріңкі көңілмен қайтты. 

Просмотров: 465 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0