Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Февраль » 25 » Әдеби кеш
15:39
Әдеби кеш

         А.Байтұрсынов ат. ҚМУ-де қазақ елінің танымал тұлғалары С. Сейфулин, Б.Майлин, І. Жансүгіровтың туғандарына 120 жыл толуына орай он күндік болып өтті. Л.Н.Толстой ат. Облыстық кітапхананың акт залында 21.02 күні университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетімен бірлесіп  өткен «Үш бәйтерек-үш алып» әдеби кеші он күндіктің жабылу іс шарасына айналды. Онда он күндік барысында жарияланған әдеби байқаулардың жүлдегерлері анықталып, жүлделер тапсырылды. Студенттер  «Үш бәйтеректің» шығармашылығынан өлеңдер оқыды, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» төрт перделі пеьсасынан театрланған қойылым көрсетіп, С.Сейфулиннің танымал өлеңдерін домбырада құйқылжыта орындалды. ҚР жазушылар одағының Қостанайдағы филиалының төрағасы, жазушы, сатирик  Ғ. Ахметчин сөз алып, Б. Майлиннің 100 жылдық тойының республика көлемінде, жазушының туған жері Таран ауданында тойланғанын еске алып өтті. Кітапханадағы кітаптар қорынан алынған «Үш бәйтерек» кітап көрмесі, мерейтой иелерінің шығармашылығын насихаттауда Қостанай облыстық ІІД тыңдаушыларының назарын аударды. Келушілер іс – шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, кітапхананың пікір жазу дәптеріне алғыстарын қалдырды. Бұл іс – шара әлеуметтік серіктестік аясында ұйымдастырылған. Бұдан әрі қарай да серіктестік байланыс жалғасын табады деген сенімдеміз.

Просмотров: 1167 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0