Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Апрель » 25 » «Әдеби көктем – 2014» облыстық поэзия фестивалі
15:42
«Әдеби көктем – 2014» облыстық поэзия фестивалі

«Әдеби десант» жобасы аясында облысымыздың көптеген қалалары мен аудандарына сапарларға шығып жүріп, жергілікті ақындармен кездесіп жүріп облыстық кітапханада ақындар слетін өткізу келісілген болатын.

Бұл ой Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні облысымыздың 40 астам авторларының басын қосқан «Әдеби көктем – 2014» облыстық поэзия фестивалі арқылы жүзеге асырылды.

ҚР Жазушылар одағы Қостанай филиалының төрағасы, белгілі сықақшы Ғ.Ахметчин мен облыс әкімдігі мәдениет басқармасының бөлім басшысы И.Шевко слетті салтанатты түрде ашты.

Фестиваль жұмысын қостанайлық танымал ақындар А.Шаяхмет, А.Суслова, Ю.Бондаренко жалғастырып, өз баяндамаларын поэзиядағы шығармашылыққа арнады.

Слет жұмысында Ақындар жарысы және Атақты ақындардың шеберлік сыныбы секілді секциялар ұйымдастырылды.

Облыстық орыс драма театрының «Ақ келін» перформансы слеттің сәнін келтіре түсті.  

Фестиваль соңында жеңімпаздар марапатталып, қазылар мүшелері мен тілек білдіргендер өз құттықтаулары мен тілектерін жеткізді.

Просмотров: 452 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0