Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Июнь » 11 » Әдеби десант
15:50
Әдеби десант

Қостанайлық авторларды облыс қалаларының тұрғындарына кеңірек таныстыру мақсатында 2013 жылдың 11 маусымында Рудный қ. әдеби десант түсірілді.

«Толстовканың» бұл жолғы алып барған авторлары облыстан тыс жерлерге танымал болған Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, публицист, аудармашы, тарихи-әдеби зерттеулердің авторы Анатолий Тарасенко, ғалым, көптеген өлеңдер мен эпиграммалардың авторы Юрий Бондаренко, көптеген әдеби, соның ішінде халықаралық байқаулардың лауреаты, ақын Александр Суслов секілді тұлғалар болды.

Рудныйлықтар ақындардың ойларымен,  толғаныстарымен және сенімдерімен танысып, оларға сұрақтар қоюға және өлеңдерді авторлардың өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды. Тікелей танысып-білісу – кездесудің мәні болды. Қалалық орталық кітапхананың оқырмандарына қостанайлық авторлар өздерінің қолтаңбалары қойылған кітаптарын тарту етісті.

 

Рудныйлықтар қонақтарды өздерінің ән-күйлерімен, өлеңдерімен қуантты және қостанайлық авторларды алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істей беруге шақырды.

Просмотров: 597 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0