Приветствую Вас, Гость
Главная » 2015 » Март » 26 » Челябі қ. ақындарымен кездесу
13:45
Челябі қ. ақындарымен кездесу

ЮНЕСКО-ның шешімімен 2000 жылдан бастап 21 наурыз Дүниежүзілік поэзия күні ретінде аталып келеді. Аталған күннің қарсаңында халықаралық «Шекарадағы кездесулер» жобасы аясында Челябі қ. ақындары Виктория Иващенкомен және Александр Щербаковпен кездесу өткізілді. Қонақтарды кітапхана жетекшілері Г.Ғ. Казина мен С.С. Безаубекова қарсы алды. Кездесуді әдеби орталықтың кітапханашысы С.С. Юсупова жүргізді. 

Кездесуге келгендер поэзияның баршаға ортақ екендігіне, оның өмірдегі көптеген сұрақтардың шешуін табуға көмектесетініне тағы бір көздерін жеткізді.

Кездесу белгілі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі А.Шаяхметтің сөзіне жазылған «Қостанай» әнімен ашылды. Авторлар өздерінің көптеген өлеңдерін оқыды. Ақтөбе қ. тұрғыны Әлия Шмидтовна Қырқымбаева аударған «Қазақстан» өлеңін кітапханашы Қымбат Аманжол оқыды. Қонақтар жүргізушінің де, кездесуге қатысқан қостанайлық ақындардың да сұрақтарына жауап берді. Кездесуді Александр мен Виктория өздерінің бірігіп жазған «Два окна» өлеңдерін екі дауыспен оқып аяқтады. Кітапхана тек үздік шығармаларды сақтаушы ғана емес, ол сондай-ақ адамгершілік қатынастардың да ордасы. Олай болса, бүгінгі кездесу де достықты нығайта түсуге өзінің үлесін қосты деуге болады.

Просмотров: 621 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0