Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Июль » 2 » Қамыстыға келген десант
15:20
Қамыстыға келген десант

Өңірде болып қайтқан белгілі қостанайлық ақын әрі аудармашы Әбдірахман Досов пен рудныйлық ақындар Владимир Варенцов пен Юрий Вовк жиналғандарға өңірімізде сөз шеберлері мен айтулы ақындардардың мол екендігін дәлелдеп берді.   

Әр ақын өзі туралы және шығармашылығы жайында айтып беріп, өлеңдер оқыды, жиналғандардың сауалдарына жауап берісті.

Кездесуді жүргізген облыстық кітапхананың әдеби орталығының жетекшісі Юсупова Салиха Салиховна Расул Ғамзатовтың «Оқырман, қымбатты досым, әр кітап сен үшін жазылады! Жазушы тек сенімен кездесу үшін ғана өмір сүреді. Мен әлі күнге сенімен кездескен сайын үш толқынысты басымнан өткізіп келемін. Алдымен кездесудің қалай болатынын ойлап кездесудің алдында мазам кетеді. Одан кейін жұрттың барлығы секілді кездесу кезінде толқумен боламын. Ақыр аяғында, кездесуден кейін оның қалай болғанын, оның қандай әсері мен пайдасы болғанын ойлап мазам кетеді» деген ойын еске алды және адам өмірінің қанша күн, сағат немесе жылмен есептелмейтінін, адамның есінде қалған елеулі сәттерімен құнды екендігіне назар аударды.   

Просмотров: 465 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0