Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Октябрь » 22 » Ақынмен кездесу
14:00
Ақынмен кездесу

20.10 қонақжайдағы кездесулер циклі ерекше бір талантты тұлғамен – ақын әрі аудармашы, мамандығы бойынша геофизик, кітапханамыздың оқырманы Владимир Александрович Лоскутниковпен болған кездесумен ашылды. Ол айтары көп болғандықтан өлең де, әңгіме де жаза береді. Оның көргендері мен түйгендерінен туған туындыларынан қаламыздың өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бергі қарай көрінісін көруге болады. Әскер өмірі ақынның шығармашылығындағы ерекше тақырыптардың бірі, оған әкесінің және жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың арасында да майдангерлердің болуы әсер етуі мүмкін.

Кездесуге келген кісіге сұрақ қойғандардың барлығы орыс немесе шетел тілдерінде өлеңдер оқыды. 

Өзі көп тіл білетін В.Лоскутников кездесуге келгендерді шетел тілдерін білудің әлем мен өзге жұртты тану үшін тигізер әсерінің шексіз екендігіне сендіріп бақты.  

Профессор Ю. Бондаренко, ақын Н.Кочин, публицист А.Денисов және басқалар ақынға шығармашылығының арта беруіне тілек білдіріссе, шараға қатысқан жастар ақынның итальян тілінде өлең оқып беруін өтінді. 

Просмотров: 490 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0