Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Апрель » 28 » А.Тарасенконың «Хрестоматия книгохранилища» кітабының тұсаукесері
15:48
А.Тарасенконың «Хрестоматия книгохранилища» кітабының тұсаукесері

  

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған Кітап онкүндігі аясында 25 сәуір күні жұртшылықтың қатысуымен кіапхана қонақжайында бас директор Анатолий Тарасенконың құрастыруымен Қостанай баспа үйінің» 20 жылдығына арналып шығарылған «Хрестоматия книгохранилища» (қостанайлықтардың орыс тіліндегі әдебиеті) кітабының тұсаукесері болды. 

 

Анатолий Владимирович өзінің қоймасындағы қорлар мен «Баспа үйінен» шығатын газеттер бойынша хрестоматия құрастырып және оған поэзия мен басқа да әдебиет жанрларына шолулар енгізе отырып қыруар жұмыс атқарды.

Нәтижесінде облыстың әдебиет әлемінде елеулі оқиға орын алып, өлкетану саласына құнды құжат қосылды.

Тұсаукесерге шығармалары кітапқа енген авторлар: Ю.Бондаренко, А.Суслова, Н.Кочин, В.Варенцов, И.Сущенко, С.Левченко, Н.Ковтун, А.Денисов және т.б. қатысты. Олар жаңа кітаптың орасан еңбек пен ізденістің арқасында келгендігін атап өтісті.

Тұсаукесердің кітап пен кітап оқуға көрсетілер қолдау және қашанда мерекелік шара екендігі белгілі. Кездесуді жас музыканттар арасында скрипкадан өткен республикалық байқауда бірінші орынға ие болған Диана Шайымқұлова музыкамен көркемдеді.   

Достық ахуал мен өзара түсіністікте өткен кездесуде жерлестері Анатолий Владимировичке жаңа идеялар мен жобалар және оқырмандарының қашанда көп болуына тілектестік білдірісті. 

Просмотров: 705 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0