Приветствую Вас, Гость
Главная » 2013 » Июнь » 6 » 6 маусым – А.С.Пушкиннің туған күні
15:47
6 маусым – А.С.Пушкиннің туған күні

Жыл сайын жер жүзі 6 маусым күні А.С.Пушкинді еске алады. Біздің қаламызда да осы күні А.С.Пушкин ескерткішінің жанына жиналу дәстүрі қалыптасқан.

Пушкин өлеңдері жаныңды тыныштандырып, ойыңды сергіте түседі, дүниеге философиялық тұрғыдан қарауға үйретеді.

А.Пушкиннің есімін қазақ жері ешқашан жатсынған емес. Алғашқы болып оның өлеңдерін Абай аударды, соның арқасында оны барша қазақ таныды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған жылдары Президент Н.Ә.Назарбаев 1999 және 2006 жылдарды Қазақстандағы Пушкин жылы деп жариялады. Кез келген шынайы дүниенің жалпы адамзаттық құндылыққа айналатыны ақиқат. Мысалы, ҚР Ұлттық кітапханасы Алматыда ақынның тірі кезінде жарыққа шыққан «Бахчисарайский фонтан» (1824), «Евгений Онегин» (1825), «Стихотворения» (1826-1829 г.г.) шығармаларын сақтап келеді.


Біздің қаламыз да Пушкиннен құр алақан қалған емес, оның атында көше, қалалық балалар кітапханасы бар, кітапхана жанынан ақынның мұражайы ұйымдастырылған, Ресей Жазушылар одағы сыйлаған ақынның ескерткіші де бар. Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақын шығармаларының толық жинағы, таңдамалы және қазақ, орыс және басқа тілдерде шыққан жекелеген жинақтары бар. Кітапхананың сирек қорында 1908 жылы шыққан басылым сақтаулы.

Қай заманнан қалыспай келе жатқан Пушкин қашанда жақын дос, сындарлы сұхбаттас, кемеңгер кеңесші болып қала бермек. Бұған біз ескерткіш басында тағы да көзімізді жеткіздік.  Ұлы классикке құрмет көрсетуге қаламыздың тұрғындары, Тарасенко А.В, Досов А.С., Удовицкий А.С., Кочин Н.Ф., Денисов А.С., Кайгародцева Т.А., Левченко С.Е.,  Мин Ф.М. секілді қостанайлық ақындар жиналды. Пушкинді Абай тілінде Сапабекова Эльвира, Дәуренбеков Темірлан, Ақанов Диас, Ақанова Диана оқыды. Қатысушылардың арасында жас ақындар Шмитд Бусайна мен Регуш Светлана болды, олар жиналғандарға өздерінің және ақынның өлеңдерін оқып берді.

Просмотров: 798 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 5.0/1