Приветствую Вас, Гость
Главная » 2014 » Сентябрь » 19 » «1960-шы жылдардағы Науырзым» кітабының тұсаукесері
15:30
«1960-шы жылдардағы Науырзым» кітабының тұсаукесері

Кітапханада өткізілетін кітап тұсаукесерін кітапқа, кітап оқуға көрсетілетін қолдау, кітаптың, оқырмандар мен авторлардың мерекесі деуге болады. 19 қыркүйек күні «Науырзым» энциклопедиясы» сериясы бойынша шығарылған «1960-шы жылдардағы Науырзым» кітабының тұсаукесері болды. Бұл – тарихы тереңге кететін, талай айтулы оқиғалардың куәсі болған, қазақтың құт мекені болып отырған өлке жайындағы үшінші кітап. Аталған кітап Науырзым ауданының құрылғанына 50 жыл толуына арналған.  

Кітап авторы –  Қазақстан прокуратурасының Құрметті қызметкері,  Бас көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі, әділет саласының аға кеңесшісі, бірнеше өмірбаяндық және өлкетану кітаптарының, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік басылымдардың авторы  Нұғманов Бақытжан Байшораұлы аталған энциклопедияны шығару жайындағы ойдың тууы, жұмыс тобы мен болашаққа арналған жоспарлары жайында айтып беріп, науырзымдықтарды келесі кітапқа қажетті материалдарды жинауға белсенді қатысуға шақырды.

Тұсаукесерге қатысқан еңбек ардагерлері, науырзымдықтар, автордың туыс-туғандары мен жақындары –  Мееров Леонид Матвеевич, Жүндібаев Тұрсынбек Ысқақұлы, Дорошко Людмила Ивановна, Нұғманова Күлән Қабатайқызы, Құрманғалиев Жекебай Қасенханұлы Науырзым мен оның адамдарын, олардың ерен еңбектерін еске алысып, өскелең ұрпақтың өздерінің ата-аналарының, жақындары мен таныстарының есімдерін таба алуларына, туған өлкелерінің тарихымен таныса алуларына мүмкіндік беретін кітабы үшін авторға алғыстарын білдірісті. Сондай-ақ тұсаукесерге аудандық кітапханалардың библиографтары, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері қатысты.

Кітапханамыздың қорынан алынған Науырзым жайындағы кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған «Науырзым – тарихы таңғажайып туған өлкем» атт кітап көрмесі келген қонақтардың көңілінен шықты. 

Просмотров: 508 | Добавил: MaRa | Рейтинг: 0.0/0